Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 02 наурыздағы №97 Қаулысы

Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) теңіз дәліздерін және қозғалысты бөлу схемаларын белгілеу туралы 


    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) теңіз дәліздері және қозғалысты бөлу схемалары белгіленсін.
    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                              Б. Сағынтаев


Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу