Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 03 наурыздағы №172 Қаулысы

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын бекіту туралы

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу