Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 04 шілдедегі № 407 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.»;
2) «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785  қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:
«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық белгісінсіз)» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                      Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу