Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі №255 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

«29-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелері туралы ақпарат беру;»;

мынадай мазмұндағы 36-1) және 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«36-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын келісу;

36-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп айырысу жүргізу қағидаларын келісу;»;

255) тармақша алып тасталсын;

748) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«748) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайын мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін айқындау;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                   О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу