Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «05» тамыздағы № 452 қаулысы

Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамы астық қолхаттарын тіркеуші болып айқындалсын.

2. Осы қаулы 2016 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                     К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу