Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 05 қарашадағы №830 Қаулысы

Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған  жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін  қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлға ретінде айқындалсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл қолданылады.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу