Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «06» маусымдағы № 332 қаулысы

«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                    2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы
4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Бағалы  қағаздар нарығы  туралы»  2003 жылғы  2 шілдедегі Қазақстан

Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, орналастыру, айналысқа қосу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін анықтайды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:»;

2-тармақта:

  1. тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) эмитент – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.

Бұл ретте облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарының ғана эмитенті бола алады;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бағалы қағаздар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстың жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауы тиіс.»;

20-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар (бұдан әрі – тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар).»;

21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, олардың атаулы құны бір мың теңгені құрайды.

22. Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздарбойынша купон сомасын есептеу үшін есептік база – есепті айда отыз күн, есепті жылда үш жүз алпыс бес күн.»;

27, 31, 37 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Орта мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 1-тармағына сәйкес есептеледі.»;

«31. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 2-тармағына сәйкес есептеледі.»;

«37. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 3-тармағына сәйкес есептеледі.»;

«45. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы осы Қағидаларға қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.»;

мынадай мазмұндағы 2.6-бөліммен толықтырылсын:

«2.6. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздар

48. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар екі жылдық айналыс мерзімімен шығарылады.

49. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу номиналды құнымен жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалған купон деп аталатын сыйақы төленеді.

50. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша купон төлеу осы бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына екі рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.

51. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттiк бағалы қағаздаркупонының сомасы орта мерзімді бағалы қағаздар купоны сияқты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.»;

көрсетілген Ережеге қосымшадағы оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«                                                                    Облыстың, республикалық                                                                                      маңызы бар қаланың, астананың

                                                         жергілікті атқарушы органының

                                                           ішкі нарықта айналысқа жіберу

                                                          үшін бағалы қағаздар шығару

                                                           қағидаларына қосымша».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу