Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 07 қазандағы №738 Қаулысы

Опубликовано: Дүйсенбі, 14 Қазан 2019

«Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2009 ж., № 27-28, 245-бап) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларында:

2-тармақтың 8) тармақшасының он төртінші абзацындағы «сатып алуын қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгілік қағидаларда, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы;» деген сөздер «сатып алуын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«исламдық қаржыландыру өнімдерін* тартуды/орналастыруды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті осы Үлгілік қағидаларда, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылатын сатып алуы.

Ескертпе:

*Осы Үлгілік қағидалардың мақсаттары үшін исламдық қаржыландыру өнімдері деп исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын ұйымдардан, оның ішінде халықаралық ұйымдардан тартылған ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ не Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында исламдық банктерде/исламдық лизинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын лизингтік компанияларда орналастырылған меншікті ақша, бағалы қағаздар түсініледі.

Ақша қаражатын, бағалы қағаздарды тарту және орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес исламдық қаржыландыру принциптері сақтала отырып жүзеге асырылады;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин


Жаңалықтар тізбегі
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.