Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «08» сәуірдегі № 198 қаулысы

«Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:           

1. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерінде және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны          800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу