Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 08 қарашадағы №841 Қаулысы

«Жамбыл Жабаевтың ескерткіші» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру туралы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»  1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы                           1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тараз қаласы, Жамбыл алаңы мекенжайы бойынша орналасқан  «Жамбыл Жабаевтың ескерткіші» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші Тараз қаласы, Абай көшесі мекенжайы бойынша Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңға ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу