Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы №223 Қаулысы

Балықты және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алудың 2014 жылғы 15 ақпан – 2015 жылғы 15 ақпан аралығындағы лимиттерін бекіту туралы

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»

2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған балықты және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алудың 2014 жылғы 15 ақпан – 2015 жылғы
15 ақпан аралығындағы лимиттері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі      С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу