Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі №346 Қаулысы

Опубликовано: Жұма, 11 Сәуір 2014

«Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

          Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы
№ 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

          көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:

         3-тармақта:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«тауардағы жергілікті қамту үлесі – пайдаланылатын жергілікті материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;»;

жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

         «сериялы өндіріс тауары – шығарылуы ұзақ уақыт бойы жеке топтамалармен қайталанатын тауар;»;

         36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері:

1) осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өлшем;

2) осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау;

3) тауардың бағасындағы жергілікті қамту үлесі «франко-зауыт» бағасы шарттарымен дайын тауар құнынан кемінде 30 пайызды құраған кезде тауар құнының өзгеруі болып табылады.»;

37-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Ереженің 36-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес келмеген жағдайда, осы Ереженің 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi қолданылады.»;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елін айқындау ерекшеліктері осы Ереженің 12-тармағының талаптары ескеріліп көзделеді.

Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлардың жергілікті қамту үлесі жүз пайызды құрайды. Осы тауардан бөлінбейтін            буып-түюдің жергілікті қамту үлесін есептеу жүргізілмейді.»;

44-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) өндіріс орналасқан жерге барып, тауарды сыртқы белгілері, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы-кәсіпорын);»;

45-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар өндіруге негіз болған нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі қоса берілетін технологиялық құжаттама, тауар өндірілетін технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе құрауыштардың құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);»;

45-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

47-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі.

Тауардың сериялы өндірісін үш жылдан астам жүргізіп жатқан кәсіпорындар үшін және осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тауарды өндіру технологиясының, шикізатты (материалдарды) жеткізуші елдің, сондай-ақ кейінгі үш жылда шикізат пен құрауыштар құнының өзгермегенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынған кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының үш жылдық көлемі көрсетіледі.

Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел, сондай-ақ шикізат пен құрауыштардың құны өзгерген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы жаңа сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсатында Өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде Сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы хабарлайды.»;

59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің мерзіміне байланысты берілген күнінен бастап он екі немесе отыз алты айды құрайды.»;

         60-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) 5-баған – «Қызметтік белгілер үшін». Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері, сондай-ақ мынадай жазулар енгізіледі: «Телнұсқа», «Сертификат орнына берілді», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап отыз үш айды құрайды». Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда, оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі.»;

         60-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

         «Д – түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы жергілікті қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі жергілікті қамтудың үлесін есептеу осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес формула бойынша жүргізіледі.»;

көрсетілген Ережеге 9-қосымшада:

         мына:

«

1602

Еттен, қосымша ет өнiмдерiнен жасалған дайын немесе консервiленген өнiмдер немесе басқа да қандар

Мүшелеу, бұзу, бөлшектеу, кесу, араластыру, оның iшiнде үй құсының етiн механикалық бұзу, еттi хош иісті ащы дәмдермен (дәмдеуіштер) және/немесе өсiмдiк ақуыздарымен және/немесе тұзбен, тұздықпен пiспектеу әдiсi бойынша операцияларды сүйегінен ажыратылмаған етті бөлшектеп мүшелеу операцияларын, сондай-ақ үй құсының етiн механикалық бұзу бойынша дайындау жөніндегі операцияларды қоспағанда технологиялық операцияларды орындау кезiнде

02-топтың материалдарынан дайындау

»

         деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

1701

Қатты күйдегі құрақ қанты немесе қызылша қанты немесе химиялық таза сахароза

Клерлеу (құрақ қанты үшiн), сатурация, сульфитация, сүзу жөніндегі және кейінгі (құрақ қанты және қызылша қанты үшiн) технологиялық операцияларды орындау шарттарымен кез келген позициядағы материалдарды дайындау

»;

         мына:

«

4015

Киiм және түрлi мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киiмдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкiлердi қоса алғанда) арналған керек-жарақтар

Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының пайдаланылатын материалдар құны мыналардан:
- тауардың осы түрiн дайындаған күннен бастап бiрiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан;
- екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан;
- үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан;
- тауардың осы түрiн дайындаудың төртiншi жылынан бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- орамаларды дайындау;
- екі-екіден жекелеген орамаға қаптау;

- зарарсыздандыру;

- зарарсыздығын тексеру

»

 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

4015

Киiм және түрлi мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киiмдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкiлердi қоса алғанда) арналған керек-жарақтар

Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының пайдаланылатын материалдар құны мыналардан:
- тауардың осы түрiн дайындаған күннен бастап бiрiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан;
- екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан;
- үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан;
- тауардың осы түрiн дайындаудың төртiншi жылынан бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс.

Зарарсыздандырылған биялайлар үшін мынадай операцияларды орындау жағдайында:
- орамаларды дайындау;
- екі-екіден жекелеген орамаға қаптау;
- зарарсыздандыру;

- зарарсыздығын тексеру.

Зарарсыздандырылмаған биялайлар үшін мынадай операцияларды орындаған жағдайда:

- хлоринация немесе полимерлеу;

- орамаларды дайындау;

- 25-50 жұптан топты орамаға қаптау (полиэтиленді қосымша бет,  картонды қорап/бокс)

»;

мына:

«

 5603

5603 позициясының тоқылмаған материалдан жасалған медициналық бір реттік зарарсыздандырылған киімдердің жиынтықтары және бірлі-жарым бұйымдары

Кіріс бақылауы, төсем, пішу, тігу (қажетіне қарай), зарарсыздандыру, буып-түю, шығыс бақылауы

»

 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

5603-тен

5603 позициясының тоқылмаған материалдан жасалған медициналық бір реттік зарарсыздандырылған киімдердің жиынтықтары және бірлі-жарым бұйымдары

Кіріс бақылауы, төсем, пішу, тігу (қажетіне қарай), зарарсыздандыру, буып-түю, шығыс бақылауы

»;

мына:

«

6401-6405

Су өткізбейтін ұлтаны бар және үсті резеңке немесе пластмасса болған, үсті ұлтанмен бекітілмеген, және онымен не жіппен, не сүмбімен, не шегелікпен, не бұрандамен, не тойтарма шегемен не басқа ұқсас әдіспен байланыспаған су өткізбейтін аяқ киім – өзге де аяқ киім

Мынадай: қонышының бөлшектерi пiшу, қонышы мен ұлтан бөлшектерiн кескiндеу, қоныш дайындамасын жинақтау, аяқ киiмдi тiгу технологиялық операцияларды орындау шарттары кезiнде кез келген позицияның материалдарынан дайындау

»

деген жол алынып тасталсын;

мына:

«

7311 009 90 0

Өзге де қара металдардан жасалған сыйымдылығы 1000 литр немесе одан астам сығылған немесе сұйытылған газға арналған сыйымдылықтар

Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 80 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындаулар; - бөлшектердің механикалық өңделуі; - жинақтық – балқытып біріктіру операциялары; - бар әдістемелік тапсырмаларға сынақ жүргізумен байланысты және құрылыстық құжаттамаларға салынған техникалық параметрлерді бақылауларды жалпы құрастыру

»

         деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

7312

Ширатылған сым, арқандар. Арқандар, өрiлген баулар, ілмектер және электр оқшаулағышсыз қара металдардан жасалған ұқсас бұйымдар

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Алайда сол позицияда пайдаланылатын материалдардың құны, сол сияқты даяр өнiмнің құны түпкiлікті өнiм бағасының             15%-ынан аспауы тиіс

»;

мына:

«

84-топ

 

 

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407; 8408 90 850 0-сынан басқа 8408, 8408 90 850 0, 8412,  8414,  8415,  8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90,  8421,  8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9-сынан басқа  8433, 8444-8447, 8448,  8450,  8452, 8456-8466,8469-8472,  8480, 8484, 8485

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

84-топ

 

 

Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407, 8408 90 850 0  басқа 8408, 8408 90 850 0,8412, 8414, 8415, 8418,  8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9 басқа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8471, 8474 32 000, 8480, 8484, 8485

Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

»;

мына:

«

8414

 

 

 

Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары және желдеткіштері;
желдеткішпен, сүзгілермен немесе сүзгілерсіз желдеткіш немесе рециркулярлық сорып шығару қақпақтары немесе шкафтары

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ының аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім позициясында жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8414

 

 

 

Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары және желдеткіштері;
желдеткішпен, сүзгілермен немесе сүзгілерсіз желдеткіш немесе рециркулярлық сорып шығару қақпақтары немесе шкафтары

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай  позициясында жіктелетін материалдар 80 % шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады

»;

мына:

«

8471

Есептеу машиналары және олардың блоктары;
магниттiк немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректердi кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгiзiлмеген машиналар

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс:
- есептеуiш техниканы конфигурациялау және реттеу;
- корпуста мынадай функционалдық тораптарды: жүйелiк платаны, қоректендiру блогын және есептеуiш техникасының конфигурациясына кiретiн басқа құрамдауыштарды құрастыру;
- құрастырушы элементтердiң кiрiсiн бақылау;
- БҚ орнату және есептеуiш техниканы тестiлеу, оның iшiнде алынған нәтижелердi сақтай отырып компьютердiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн тексерудiң кешендi тестiн орындау

»

         деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 

 

 

«

8474 32 000 0

 

Минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машина (асфальтбетон зауыттары)

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс,              сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар, орындалған жағдайда:

дайындамаларды жасау (таспалы кескiштi машиналарда кесу, газды плазмалы машинада пiшу);

бөлшектерді механикалық өңдеу;

корпусты бөлшектердi жасау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастырушы-дәнекерлегiш операциялар;

жеке тораптарды құрастыру және сынау;

қолда бар әдiстемелiк нұсқаулар бойынша күштік сынақтар өткiзе отырып және конструкторлық құжаттамада салынған техникалық параметрлерді бақылай отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау және пайдалануға енгізу

»;

көрсетілген Ережеге 10-қосымша осы қаулыға косымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                                                            К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.