Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы №778 Қаулысы

Опубликовано: Дүйсенбі, 11 Маусым 2012

«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №18, 202-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 7-тармағының 5) тармақшасын, 8-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ
 
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2012 жылғы 11 маусымдағы   №778 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2007 жылғы 2 маусымдағы  №452 қаулысымен бекітілген

Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Бастауыш білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 %-нан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
2. Негізгі орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы;
7) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы.
3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
6) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы;
7) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы.
4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
2) штаттағы оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының 70 % кем болмауы;
3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар және (немесе) магистрлер үлесінің олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
5) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен, арнайы оқу жабдығымен жарақтандырылуы;
6) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
7) білім алушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
8) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
9) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
10) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
5. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) штаттағы оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының 70 %-нан кем болмауы;
2) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар және (немесе) магистрлердің, ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының 40 %-нан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу және оқу-әдістемелік әдебиеті қорының және цифрлы тасымалдағыштарда оқу жоспарының кемінде 20 % (әскери мамандықтардан басқа) болуы;
4) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
5) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен, арнайы оқу жабдығымен жарақтандырылуы;
6) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттарының болуы;
7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
8) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
9) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
6. Рухани (діни) бiлiм беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) даярлық бейіні бойынша жоғары діни білімі бар және діни бірлестіктер қоятын талаптарға сәйкес келетін штаттағы оқытушылардың болуы;
2) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне дінтану сараптамасынан өткен саны кемінде 50 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының және цифрлы тасымалдағыштарда оқу жоспарының кемінде 20 % болуы;
3) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі оқу-материалдық активтердің болуы;
4) интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандырылуы;
5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
7) осы діни білім беру мекемесінің жұмыс істеу орындылығының негіздемесі бар тиісті республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында діни бірлестікті тіркеу туралы куәлік көшірмесінің болуы;
8) діни бірлестік басшылығы бекіткен даярлық бейіні бойынша білім беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының болуы;
9) мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің сараптама қорытындысының болуы.
7. «Бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып, жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру;
2) ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, университеттер, академиялар үшін ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
институттар (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшін педагогикалық қызмет, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
3) бір оқытушыға есептегенде студенттер контингентінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігі;
4) штаттағы оқытушылар үлесінің олардың жалпы санының, оның ішінде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының базалық циклдері мен бейінді пәндері бойынша:
ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері, ұлттық жоғары оқу орындары, университеттер, академиялар үшін 80 %-дан кем болмауы;
институттар (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшін 70 %-дан кем болмауы;
педагогикалық мамандықтар үшін білім беру ұйымының түріне қарамастан 80 %-дан кем болмауы;
5) ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің штаттағы оқытушылар санының:
ұлттық зерттеу университеттері, зерттеу университеттері үшін 70 %-дан кем болмауы;
ұлттық жоғары оқу орындары (өнер және мәдени білім беру ұйымдарынан басқа) үшін 55 %-дан кем болмауы;
университеттер, академиялар үшін 50 %-дан кем болмауы;
институттар (жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшін 45 %-дан кем болмауы;
педагогикалық институттар үшін 50 %-дан кем болмауы;
өнер және мәдени білім беру ұйымдары үшін ғылыми дәрежелері, сонымен қатар құрметті атақтары бар және оларға теңестірілген оқытушылар үлесінің 35 %-дан кем болмауы;
Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес, «спорт шебері» және одан жоғары атағы бар ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің 40%-дан кем болмауы;
6) студенттердің келтірілген контингентіне шаққанда толық оқу цикліне саны кемінде 140 бірлік басылымнан келетін оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілдері бойынша оқушылар контингентіне барабар болуы тиіс.
Кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндер бойынша соңғы 10 жылдағы басылып шығарылған негізгі оқу әдебиетін қамтуға тиіс.
Мамандықтың (әскери мамандықтардан басқа) оқу жоспарының базалық және бейінді пәндерінің цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиетімен
қамтамасыз етілуі – 40 %-нан кем болмауы.
Басқа кітапхана және ғылыми қорлармен, оның ішінде республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханамен шарттарының болуы;
7) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
8) кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы;
9) студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
10) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
педагогикалық мамандықтар үшін педагогикалық практика базалары бойынша мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен тікелей шарттардың болуы;
11) әскери мамандықтардан басқа, ұйымдармен және кәсіпорындармен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге шарттардың болуы;
12) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
13) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
14) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
8. «Магистр» академиялық дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру; педагогикалық мамандықтар үшін қазіргі заманғы педагогикалық оқу технологиялары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) магистранттарды даярлау мамандығының білім беру ұйымдары ғылыми зерттеулерінің тақырыптарына сәйкестігі;
3) тиісті даярлау бағыттары бойынша ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы;
педагогикалық мамандықтар үшін бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды, оқытушылар және магистранттардың тағылымдамадан өтуін орындау жөнінде шетелдік университеттермен тікелей шарттардың болуы;
4) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
5) тиісті мамандық бойынша штатта ғылым докторының немесе екі философия (PhD) докторының болуы; әскери мамандықтар үшін ғылым докторының немесе философия (PhD) докторының болуы;
6) ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің штаттағы оқытушылар санының 70 %-дан кем болмауы;
мәдениет және өнер білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атағы бар және оларға теңестірілген оқытушылар үлесінің 60 %-дан кем болмауы;
Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар үлесінің 60 %-дан кем болмауы;
7) тиісті бейіндегі ғылыми дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми жарияланымдары, магистрлік даярлық мамандығы бойынша оқу құралдары бар жетекші мамандардың, штаттағы оқытушылардың магистранттарға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы;
8) әскери мамандықтардан басқа, ұйымдармен және кәсіпорындармен ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге шарттардың болуы;
9) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы;
10) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы;
11) магистранттың бір жылғы оқуына арналған ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
12) білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заманғы талаптарға сай келетін оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы;
13) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге жасалған шарттардың болуы;
14) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
15) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.
9. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің (резидентура) кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, даярлық бейіні бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар кемінде екі даярлық бейіні бойынша ғылыми дәрежелі штаттық маманның болуы;
2) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-әдістемелік, клиникалық, материалдық-техникалық базаның болуы;
3) қажетті жабдықпен, зертханалармен, кітапханамен қамтамасыз етілуі;
4) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
5) тыңдаушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
6) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен (ғылыми ұйымдарды қоспағанда) жасалған шарттардың болуы;
7) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
8) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
9) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
10. Философия (PhD) докторы және бейіні бойынша доктор (адъюнктура) ғылыми дәрежесін бере отырып, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі әскери білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, даярлық бейіні бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар әрбір ғылыми даярлау мамандығы бойынша кемінде бір штаттық ғылым докторының болуы;
2) ғылыми дәрежелері мен атақтары бар, оқытушылар үлесінің әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес штаттағы оқытушылар санының 100 %-нан кем болмауы;
3) тиісті мамандық бойынша ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық шарттардың болуы;
4) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы;
5) қажетті жабдықпен, зертханалармен, кітапханамен қамтамасыз етілуі;
6) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
7) тыңдаушының бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың тиісті оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі тиісті нормативтік актілерде көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі;
8) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
9) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
10) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
11) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.
11. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, докторантура бағдарламалары бойынша біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
1) бакалавриаттың және магистратураның кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру;
2) ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылар үлесінің штаттағы оқытушылар санының 100 %-нан кем болмауы;
3) даярлаудың тиісті мамандығы бойынша философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелері бар шетелдік ғалымдардың болуы;
4) даярлаудың тиісті мамандығы бойынша шетелдік ғалымдармен келісімдердің болуы;
5) ұйымдармен және кәсіпорындармен ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге шарттардың болуы;
6) жұмыс оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігі;
7) докторантура бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы;
8) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік және материалдық-техникалық базаның болуы;
9) докторантура мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті ақпараттық желіге кіре алатын компьютерлік сыныптармен, тиісті мамандық бойынша электрондық дерекқоры бар кітапханалық қормен жарақтандырылуы, ғылыми зертханалардың және мультимедиялық оқу материалдардың болуы;
10) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге жасалған шарттардың болуы;
11) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
12) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
13) меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы.

 


Жаңалықтар тізбегі
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
17 Наурыз 2020, 11:22
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін техникалардың дайындығы 100%-ды құрайды — ҚР АШМ
17 Наурыз 2020, 11:07
Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады — ҚР ҰЭМ 
17 Наурыз 2020, 10:07
Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын қарады
17 Наурыз 2020, 09:52
Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын бекітті
16 Наурыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин сауда желілерінің басшыларымен кеңес өткізді
16 Наурыз 2020, 19:24
Қ. Тоқаев Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы Жарлыққа қол қойды
16 Наурыз 2020, 18:27
Н. Орманбетов  Н. Карбеновтың орнына ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі