Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы

«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №3-4, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

«Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлім:

мына:

«

Бөлім

Бөлімнің атауы

Топ

Топтың атауы

Сынып

Сыныптың атауы

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

05

Көмір өндіру

05.1

Тас көмір өндіру

05.10.3

Тас көмірді байыту

«

»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпе:

* 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚ ТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;

** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;

*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдың жол маңындағы жолағында орналасқан;

**** тек темір кені концентратының және (немесе) шекемтастар өндірісіне қатысты;

*****тектас көмірді байытуға қатысты.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу