Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 ақпандағы №55 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
5 желтоқсандағы № 1276 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 76-77, 675-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлім мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

«Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларға бірінші және екінші бағыттар бойынша кредит беру осы Жоспарға 2-1-қосымшаға сәйкес тамақ өнеркәсібінің қаржыландыруға арналған салаларының тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаның нысаналы мақсатын растау үшін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты кодына байланыстырылған тізбеден кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін ЭҚЖЖ кодтарына жатқызу сәйкестік өлшемшарты болып табылады.»;

«Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда,
ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ШОКС-ға берілетін қаржыландырудың ең жоғары лимиті – 1850000000
(бір миллиард сегіз жүз елу миллион) теңге;»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаға 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден жоғары сомаға кредит берілген жағдайда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) оң қорытындысы қажет. Ол үшін «Даму» КДҚ» АҚ уәкілетті органға сұрау салу мен мынадай ақпаратты жібереді: жоба бойынша қысқаша ақпарат, жобаның қуаты, өндірілетін өнім, жоба іске асырылатын жер (облыс, аудан, елді мекен), шикізат базасының болуы, әлеуетті өткізу нарықтары.

Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың салалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді.»;

«Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары» деген бөлімде:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) лимиті жоқ тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаларды қоспағанда, бір ІКС-ге берілетін қаржыландыру лимиті – 5000000000 (бес миллиард) теңгеге дейін;»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жобаға 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден жоғары сомаға кредит берілген жағдайда, уәкілетті органның оң қорытындысы қажет. Ол үшін «ҚДБ» АҚ уәкілетті органға сұрау салу мен мынадай ақпаратты жібереді: жоба бойынша қысқаша ақпарат, жобаның қуаты, өндірілетін өнім, жоба іске асырылатын жер (облыс, аудан, елді мекен), шикізат базасының болуы, әлеуетті өткізу нарықтары.

Уәкілетті орган сұрау салуды алған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жобаны қаржыландырудың салалық орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды береді.»;

1-қосымшада:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесінде:

мына:

«

 

Тамақ өнімдерінің өндірісі

10

         »

деген жол алып тасталсын;

2-қосымшада:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесінде:

мына:

«

 

Тамақ өнімдерінің өндірісі

10

»

 

деген жол алып тасталсын;

осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     Б. Сағынтаев

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу