13 Ақпан 2014, 12:40
Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Инновациялық патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу