Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022  жылғы  13 маусымдағы №389 Қаулысы

«Азаматтық  қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 5-қосымшада:

реттік нөмірі 3-жолда:

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

 «

8)

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда ұсталатын адамдарды емдегені үшін медициналық қызметкерлерге

 

БЛА-дан 540 %

 

 

»;

ескертпелерде:

7-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 11-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 13-қосымшада:

реттік нөмірі 2-жолда:

7) тармақша алып тасталсын.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу