Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №678 қаулысы

«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы №755 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:

10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) осы тармақшаның екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген іссапарға баратын кандидаттарды қоспағанда, жіберуші мемлекеттік органда соңғы екі жылдағы қызметі «тиімді» және «өте жақсы» мәндерімен бағаланған мемлекеттік қызметші бара алады.

Әскери қызметші, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері лауазымын атқаратын іссапарға баратын кандидат соңғы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы шешімінің оң болуы шартымен іссапарға бара алады.

Бұрын Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымда екі жылдан астам мерзімге іссапарға жіберілген. жіберуші мемлекеттік органда кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар, қызметіндегі мінездемесі жақсы, өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі кәсіпқойлықпен орындайтын іссапарға баратын кандидат одан оң мінездеменің болуы шартымен іссапарға жіберілуі мүмкін.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу