14 Сәуір 2016, 11:56
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу