Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 мамырдағы №322 Қаулысы

«Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №284 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы №284 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының                                  А. Мамин

Премьер-Министрi


Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу