Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 мамырдағы №324 Қаулысы

«Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі №213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    2018 жылғы 23 сәуірдегі №213 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, ол өткізілген жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақтылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары мен мерзімдерінде:

2-тармақтың 4) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген бақылауды жүзеге асыруды мемлекеттік кipicтep органдарының қызметкерлері тексерілетін субъект өкілінің қатысуымен жылына 1 (бір) реттен жиілетпей жүргізеді. Бақылауды жүзеге асыру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен, ал бақылау кезеңі үш жылдан аспайды. Бұл ретте бақылауды тағайындаған мемлекеттік кірістер органы бақылауды жүзеге асыру мерзiмін 50 (елу) жұмыс күнiне дейiн ұзартады.»;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мүлікті толық және уақтылы есепке қою, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органдар мынадай құжаттарды береді:»;

7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Бақылауды жүзеге асыру кезінде коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар мынадай құжаттарды береді:»;

9-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік мекемелерде бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар беріледі:»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі органға немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға мүлікті қабылдау-беру актілері;»;

10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерге
(жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға) бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай мәселелер қамтылады:»;

11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Бақылауды жүзеге асыру үшін мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілерге (жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға) мыналар ұсынылады:»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген талапты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тексерілетін субъект мемлекеттік кipicтep органына бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылғаны және (немесе) мүлікті өткізуден түскен сомалардың өндіріліп алынғаны туралы жазбаша хабарлайды.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу