Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №58 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған төтенше резервін пайдалану туралы комиссияның оң қорытындысы болған;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы әлеуметтік, әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган комиссия ұсынымдарының негiзiнде ақшалай немесе тауар нысанында Қазақстан Республикасының ресми гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
Комиссияның ұсынымдары сыртқы саяси қызмет жөніндегі, бюджетті атқару, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы, көлік саласындағы орталық уәкілетті органдар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың комиссияның жұмыс органына комиссия отырысының өтуіне дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынатын гуманитарлық көмек көрсетудің мүмкін екені туралы ресми ұстанымдарына негізделеді.»;

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Ақшалай немесе тауар нысанында ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы өтініш түскен жағдайда, сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде: 
1) өтініш туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына (Комиссия төрағасына) жолдайды; 
2) өтінген мемлекеттен ақша қаражатын аудару үшін қажетті деректемелерді және/немесе тауар нысанындағы ресми гуманитарлық көмекті қабылдаушының деректемелерін сұрайды.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Сыртқы саяси қызмет жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы уәкілетті органға алушы елдің Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми гуманитарлық көмекті алғаны туралы тиісті ақпаратты береді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
 Премьер-Министрі                                                                 Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу