Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы №61 Қаулысы

Қарағанды облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарының атауы және қайта аталуы туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»

1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  
4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) «Қарқаралы қаласының № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлімхан Ермековтің есімі;

         2) «Қарқаралы қаласының № 44 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәди Бәпиұлының есімі;

         3) «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының № 43 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қажыкен Смайыловтың есімі;

         4) «Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мыңжасар Әдекеновтің есімі;

         5) Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мәкен Төрегелдиннің есімі;

         6) «Шахтинск қаласы әкімдігінің № 16 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейхановтың есімі;

7) Шахтинск қаласы әкімдігі Шахтинск қаласы білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Көркемсурет мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Әубәкір Ысмайыловтың есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:

1) «Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Путь Ленина» орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Байтуған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

         2) «Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Киров орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Абдолла Асылбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

         3) Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қайрақты жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

         4) Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «М.Горький атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

         5) Ұлытау ауданының әкімдігі «№ 10 Борсеңгір орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мінәжат Мыңқаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

         6) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Н.К.Крупская атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бименде Амалбеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

7) Шет ауданының әкімдігі Шет ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақадыр мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу