Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «18» ақпандағы № 83 қаулысы

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерайқындалсын.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 162-құжат);

2) «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45,  452-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу