Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы

Опубликовано: Бейсенбі, 02 Сәуір 2020

 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 267-құжат)мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ереже бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ереже»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық Комиссия тиісті жергілікті атқарушы орган (әкімдік) жанынан құрылады.

3. Қажет болған кезде Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанынан құрылуы мүмкін. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жанындағы Комиссия аудандық Комиссияның құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Кенттік, ауылдық Комиссияны және ауылдық округ Комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті ауданның мәслихаты бекітеді.

4. Кәмелетке толмағандардың iстерi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық Комиссияны және ауылдық округ Комиссиясын қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы жергілікті атқарушы орган аппаратында (әкімдікте) штаттық лауазымды атқарады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Комиссияның негізгі функциялары»;

7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді.

8. Комиссия өз құзыреті шегінде:

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі мемлекеттiк органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi;

3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;

4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;

5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;

6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтайды және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;

7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және олардың арасында жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;

9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруда, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;

10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;

11) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

12) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған Комиссиялардың қызметін үйлестіреді.»;

9. Комиссияның негізгі функциялары:

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету; 

2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз, панасыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы анықталған фактiлерi туралы мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдарды үнемі хабардар ету; 

3) өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтiк оңалту, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғау жөнiндегi өздерiнiң мiндеттерiн орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына терiс әсер ететiн немесе оларға қатігездікпен қарайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi белгілеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;

5) белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiну;  

6) мемлекет көмегiне мұқтаж және өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ұсыныстар енгiзу; 

7) кәмелетке толмағандарды физикалық және психикалық күш көрсетуден, қылмыстық кемсiтушіліктің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау; 

8) қылмыстық жауапкершiлiк жүктелетiн жасқа толғанға дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгiлерi бар, қоғамдық қауiптi   іс-әрекет фактiлерi бойынша материалдарды қарау;

9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдар, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер жұмысының оң тәжірибесін жинақтау және тарату, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

10) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының профилактикасымен айналысатын тиiстi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, өзге де органдар мен ұйымдарға:

кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босатылған;

арнайы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған;

әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;

бiлiм беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзудiң қажеттiгi туралы ақпарат жiберу; 

11) спирттiк iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын, психотроптық немесе есеңгiрететiн заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиiстi емдік-профилактикалық және оңалту шараларын жүргiзу үшiн ата-аналарының келiсiмiмен денсаулық сақтау мекемелерiне жiберу;

12) мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына ұзақ уақыт келмей жүргені туралы бiлiм беру ұйымдары әкiмшiлiгiнiң ұсынымдарын қарау; 

13) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген жағдайларда және тәртiппен ықпал ету шараларын қабылдау;

14) арнайы білім беру ұйымының, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемелерде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ онда болу мерзімін ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайларда ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына ауыстыруға байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыным дайындау; 

15) кәмелетке толмаған сотталушыны жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату не жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы жазаны орындайтын мекеме әкімшілігінің ұсынысын қарау бойынша кәмелетке толмағандар құқықтарының өкілі ретінде сот отырысына қатысу;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кәмелетке толмағандардың бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерге, арнайы бiлiм беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында тиiстi аумақтарда орналасқан арнайы бiлiм беру ұйымдарына бару (кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ оларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзу анықталған жағдайда оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзу); 

17) бiлiм беру ұйымдарында олардың меншiк нысанына қарамастан   кәмелетке толмағандармен тәрбиелік, құқықтық, бiлiм беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйiн зерделеу;

18) кәмелетке толмағандардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде – тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуына жәрдемдесу;

19) кәмелетке толмағандардың кепілдендірілген мемлекеттік көмек алуына жәрдемдесу;

20) кәмелетке толмағандардың мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды алуына жәрдемдесу;

21) кәмелетке толмағандардың демалуға, сауықтырылуға және бос уақытын өткізуге құқығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

22) кәмелетке толмағандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;

23) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруды үйлестіру;

24) кәмелетке толмағандардың отбасында тұру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу;

25) қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттің салдарынан дене жарақатын немесе психологиялық жарақат алған кәмелетке толмағандарға жәрдемдесу, денсаулығын қалпына келтіруге және әлеуметтiк бейiмделуге қажеттi көмек көрсету болып табылады.»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Комиссия қолданатын шаралар»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегi Комиссия қабылдайтын шаралар:

1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бiрлесiп, олардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайда орналасқан, өмірде қиын жағдайда жүрген, бiлiм беру ұйымдарына ұзақ уақыт бармаған, мемлекет көмегiне мұқтаж кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың жеке есебiн жүргiзедi, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiм қабылдайды және қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылайды;

2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешiмдi бiлiм беру, iшкi iстер, денсаулық сақтау органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жiбередi, олар өз кезегiнде екi апта мерзiмде қабылданған шаралар туралы Комиссияны хабардар етеді;

3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң болмауына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты арнайы бiлiм беру ұйымдарынан, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан шыққан, тәрбие колониясынан немесе кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа мекемелерден босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жерiне оралуы мүмкiн емес немесе қажет болмаған жағдайларда, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртiбiне терiс әсер ететiн өзге де себептерге байланысты көрсетiлген мекемелердiң орналасқан жерi бойынша Комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерiн есепке ала отырып, бiлiм беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру, сондай-ақ ол үшiн тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiнде көмек көрсетедi. Комиссия мәселенi кәмелетке толмағанның жазбаша өтiнiшi мен тиiстi мекеме әкiмшілiгiнiң дәлелдi қорытындысы берiлген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлеу үшiн Комиссия тиiстi қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінеді.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.

Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын не олардың дене бітімінің және рухани қалыпты дамуына керi әсерiн тигiзетiн ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне Комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:

кәмелетке толмағандарға келтiрілген зиянды өтеу туралы сотқа өтiнiшхат беру;

кәмелетке толмағанның өмiрiне немесе оның денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкiлдерiнен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерiнiң мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы, баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың бұзылуы туралы не асырап алуды (қыз бала асырап алуды) сот тәртібімен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтiнiшхатпен жүгіну;

ата-аналық құқығын шектеу жөнiнде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар қолдану туралы өтiнiшпен он бес жұмыс күні ішінде сотқа жүгіну.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Комиссия отырыстарын өткiзу тәртiбi.

Облыстық Комиссияның отырысы екі айда бір рет өткізіледі. Қалалық, қаладағы аудандық, аудандық Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бiрақ айына екi реттен сиретпей өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.

Комиссия қажет болған кезде iстерi қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша көшпелi отырыс өткiзе алады.

Егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етеді.

Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды Комиссия тек кәмелетке толмағанның өзінің, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды.

Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша Комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi.

Комиссия отырысын өткiзу күнi, орны мен уақыты туралы прокурорды хабардар ету мiндеттi.

Қылмыстық жауапкершiлiк туындайтын жасқа толғанға дейiн қоғамға қауiптi әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезiнде отырысқа прокурор шақырылады.

Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Содан кейiн қажеттi құжаттар жарияланады, келiп түскен материалдар, сондай-ақ негiзделген шешiм қабылдау үшiн маңызы бар жағдайлар зерттеледi, өтiнiшхаттар қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзi тыңдалады.

Қаралатын материалдардың мәнi бойынша өтiнiшхаттарды кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ Комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтiнiш бiлдiрген адамдар және олардың заңды өкiлдерi мәлімдей алады. Мәлімделген өтiнiшхаттарды қарау нәтижелерi Комиссия отырысының хаттамасына енгiзiледi.

Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға керi ықпал ететін жағдайларды зерттеу кезінде Комиссияның оны залдан шығаруға құқығы бар, бұл туралы Комиссия отырысының хаттамасында жазылады.»;

18-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссия қаулысына төрағалық етушi және оның хатшысы қол қояды, Комиссия отырысында жарияланады және шағым беру үшін белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды күшiне енедi.»;

20-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Комиссия отырысында Комиссияның хатшысы хаттама жүргiзедi, онда:»;

«Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның хатшысы қол қояды.»;

5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының     Премьер-Министрі                                    А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
06 Маусым 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.