Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №65 Қаулысы

«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 
19 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
2014 ж., № 80, 696-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларында:
8-тармақ алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
 Премьер-Министрі                               Б. Сағынтаев 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу