20 Наурыз 2014, 10:57
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6)«Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;
7)«Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1080-құжат);
2) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 сәуірдегі № 433 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 451-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу