Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №223 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

16-тармақ мынадай мазмұндағы 59-8) тармақшамен толықтырылсын:
«59-8) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту;»; 17-тармақ мынадай мазмұндағы 1-36) тармақшамен толықтырылсын: «1-36) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын әзірлеу;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу