Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «20» желтоқсандағы № 828 қаулысы

Маңғыстау облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1)   «№ 7 мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесіне – Нәсіпқали Марабаевтыңесімі;

2)   Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау гуманитарлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Мұрын жырау Сеңгірбекұлының есімі;

3)   «Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
№ 22 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне – Серікбол Қондыбайдың есімі;

4)   «№ 1 жалпы білім беретін мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесіне –Ғұбайдолла Айдаровтыңесімі;

5)   Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» мемлекеттік мекемесіне – Қабиболла Сыдиықовтың есімі;

6)   «№ 8 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Исатай Сүйеубаевтың есімі берілсін.

2.   «Ұштаған орта мектебі» мемлекеттік мекемесі – «Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3.   Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі               Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу