Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 442 қаулысы

«Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы                                № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71,
643-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:

«

10-1 Инженерлік қызмет Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

                                                                                                                                           ».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                           Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу