16 Қыркүйек 2019, 17:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 және «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1,
19-құжат);
2) «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 874 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 713-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу