Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалардың қорғаныс мұқтажы үшін реквизицияланған, сондай-ақ берілген мүлкінің құнын мемлекеттің өтеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал