​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «21» қазандағы  № 599 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі           № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 23,              142-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен
іс-қимыл жоспарында:

«Қаржыландыру тетіктері мен шарттары» деген бөлімде:

«1.    Отандық автоөндірушілерді қолдау» деген тарауда:

«Отандық өндірістің автомобильдерін деген сатып алушыларды – түпкілікті қарыз алушыларды қаржыландыру шарттары» деген кіші бөлімде:

2-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жеңіл автокөліктің 1 бірлігінің құны 15 000 000 теңгеден аспайды;

2) кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды;»;

5) тармақша алып тасталсын;

«ЕДБ арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде негізделген қаржыландыру қаражатын мониторингтеу» деген кіші бөлімде:

2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«КДБ» АҚ ЕДБ ұсынған деректердің мынадай шарттарға сәйкес келуі тұрғысынан тексереді: автомобильдің 1 (бір) бірлігінің ең жоғары құны, сыйақы мөлшерлемесі, кредит беру мерзімі және ескертулер болмаған жағдайда, ҚР ҰБ-ға тиісті хат жібереді.»;

«4. Отандық экспорттаушыларды қолдау» деген тарауда:

«Отандық экспорттаушыларды қолдау шеңберінде тікелей кредит беру, негізделген және лизингтік қаржыландыру» деген кіші бөлімде:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – «ҚДБ» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес есептелген, бірақ жылдық 12,5 %-дан аспайды;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                   Б.Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу