Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №867 Қаулысы

Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары  іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін  жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтардың  қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                         А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу