25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы №677 және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы №677 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2006 жылғы
25 қыркүйектегі №909 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы №677 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы №677 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2006 жылғы 25 қыркүйектегі №909 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу