Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №472 Қаулысы

«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

«2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген бөлімде:

1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;

4-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3)  шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын                      М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруға;»;

6) тармақша алып тасталсын;

«12. Аялдау және тоқтап тұру» деген бөлімнің 5-тармағының                            2) тармақшасы алып тасталсын;

«21. Жүргізіп үйрену» деген бөлімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Үйретушiнiң өзiмен бiрге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлiк құралын басқару құқығына жүргізуші куәлiгi, ал үйренушiнiң – жеке басын куәландыратын құжаты және көлiк құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады.»;

«22. Жолаушыларды тасымалдау» деген бөлімнің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жүргiзушi жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi осы Қағидалардың 12-бөлімінде белгіленген көлік құралдарын тоқтатуға тыйым салынбаған жерлерде көлiк құралы толық тоқтағаннан кейiн ғана жүзеге асыруға, ал жүруді есiктер жабылғанда бастауға және оларды толық тоқтағанға дейiн ашпауға мiндеттi.

Маршруттық көлік құралының жүргізушісі жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi белгіленген аялдама пункттерінде ғана жүзеге асырады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерде:

5-тармақтың бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

14-тармақта:

2) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын                М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген;»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті.»;

ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік күзет қызметiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, ішкi iстер органдарының жедел қызметтерiнiң, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің көлік құралдарында арнайы түстi-графикалық бояулар, таным белгiлерi мен жазулары болмауы да мүмкiн.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу