Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуірдегі № 318 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 159-бабының 1-тармағына сәйкесҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіМемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен                және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі                          № 387 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22,               205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген          1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 172-1-жолмен толықтырылсын:

«172-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы».

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу