Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №328 Қаулысы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2022 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2022 жылға арналған шекті шамасы есепті айда қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,99 пайызынан асырылмай бекітілсін.

2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                    Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу