Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 435 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 және «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 60-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын авиамаршруттар бойынша ішкі тұрақты тасымалдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшін қажетті кiрiс деңгейін қамтамасыз етпейтін тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.

Авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылатын, авиамаршруттар бойынша халықаралық тұрақты тасымалдар бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.

Субсидиялауға әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген бюджеттік субсидиялардың жылдық сомасы шегінде авиатасымал кезінде жолаушыларды, жүкті, поштаны және багажды тасымалдаудан алынған кіріс пен қалыптасатын пайдалану шығыстарының сомасы арасындағы айырма жатады.

Белгілі бір рейстегі пайдалану шығыстары азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен есептеледі.»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған өзге  халықаралық авиамаршруттар.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

16. Авиамаршрутты субсидияланатындар дәрежесінен шығару мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) бірінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 60 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;

2) екінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршруттағы авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 70 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;

3) үшінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жолаушылар жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 80 %-ға дейін жеткен кезде авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиатасымалдарға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді;

4) төртінші кезең – қатарынан алты айдың нәтижелері бойынша субсидияланатын авиамаршрутта авиарейстердің орташа айлық жүктелуі әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктелуінен 80 %-ға жоғары болған кезде, аталған маршрут шығынды болмаған жағдайда авиамаршрут коммерциялық негізге аударылады.

Субсидияланатын авиамаршруттардағы коммерциялық тұрақты рейстерді кемінде алты ай басқа авиакомпаниялар орындаған кезде авиамаршрутты субсидиялау тоқтатылады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиакомпаниялардан түскен ұсыныстарды қарайды және үш жұмыс күні ішінде жауап береді.»;

  1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 241-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:

9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға авиакомпанияларға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар, субсидиялауға жататын, басым халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурсқа қатысу кезінде халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлігі бар;»;

18-тармақта:

10) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

«13) халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлік.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу