Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №1026 Қаулысы

«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған «Цемент зауытын жаңғырту» жобасын (өтініш беруші – «Шымкент цемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі             К. Мәсімов

1 қосымша

2 қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу