Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы №134 Қаулысы

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етугежәне өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлықимпланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы

«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлықимпланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың  әкімдері:

1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

2) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептерді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу