Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 мамырдағы №344 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:   

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 
6 сәуірдегі №310 қаулысында:  

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомстволарының қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде, сондай-ақ облыстық аумақтық бөлімшелердің қарамағындағы аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:

20, 42, 48, 54, 62, 80, 82, 102, 103, 108, 120, 121, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 148, 149, 161, 162, 178, 179, 180, 195, 211 және 212-тармақтар алып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 
2 наурыздағы № 164 қаулысында:  

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесiнде:

20, 42, 48, 54, 62, 80, 82, 102, 103, 108, 120, 121, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 148, 149, 161, 162, 177, 178, 179, 194, 210 және 211-тармақтар алып тасталсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                            Ә. Смайылов

 

Қосымша

 

                                                               

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу