Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «27» қаңтардағы № 33 қаулысы

Опубликовано: Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2016

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат)мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) лизинг берушінің сараптамалық бағасы – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, медициналық техниканың тиімді техникалық сипаттамаларының және клиникалық-техникалық негіздемесінің сараптамалық бағалауын жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес лизинг беруші жүзеге асыратын баға;»;

50-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) сатып алу туралы шарттың немесе қаржылық лизинг шартының күшіне енуі және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендер жеңімпазының енгізу сәтінен бастап кері қайтарады.»;

51-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тендер жеңімпазы болып анықталған, бірақ сатып алу немесе қаржылық лизинг шартын уақтылы жасаспаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды.»;

8-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз етуді енгізу тәртібі»;

70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:

1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі.

Ақшалай кепілдік түрінде шарттың, қаржылық лизинг шартының орындалуын қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына салады.

Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайды.

Сатып алу туралы шарттың немесе қаржылық лизинг шартының сомасы тиісті қаржы жылындағы екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету енгізілмейді.»;

72, 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«72. Сатып алу туралы шартты немесе қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз етудің мазмұнын, нысаны мен енгізу шартын осы Ережеге сәйкес тендерді ұйымдастырушы айқындайды, тендерлік құжаттамада көрсетіледі және сатып алу туралы шартта немесе қаржылық лизинг шартында ескеріледі.

73. Өнім беруші сатып алу туралы шарттың немесе қаржылық лизинг шартының орындалуын қамтамасыз етуді, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, өнім беруші шарт күшіне енгеннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізеді.»;

77-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«77-2. Жеткізу мерзімдерін Бірыңғай дистрибьютордың бұзуына байланысты дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін уақтылы көрсету үшін тапсырыс берушілерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалдықтары болмаған жағдайда, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын бағамен үш айдан аспайтын қажеттілік кезеңіне сатып алуға жол беріледі.»;

88-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген құны 5000000 (бес миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы сатып алуды осы Ереженің            133-139-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен келісу рәсімдерін және лизинг берушінің сараптама бағалауын жүргізбей міндетті түрде өтінім беру арқылы тапсырыс беруші жүзеге асырады.»;

88-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«88-3. Медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы қаржылық лизинг шарттарында сатып алынбайтын құны 5000000                (бес миллион) теңгеден 50000000 (елу миллион) теңгеге дейінгі медициналық техниканы, құны 50000000 (елу миллион) теңгеден жоғары, сондай-ақ біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы осы Ереженің                  8-2-тарауына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сатып алады. Сұрау салынған медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесіне, тиімді техникалық сипаттамасына және құнына сараптама бағалауын лизинг беруші жүргізеді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша медициналық техниканы сатып алуды осы Ереженің                    133-139-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарымен келісу рәсімдерін және лизинг берушінің сараптама бағалауын жүргізбей міндетті түрде өтінім беру арқылы тапсырыс беруші жүзеге асырады.»;

88-5-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған сәттен бастап қырық жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы қабылдауға және тиісті түрде пайдалануға дайындық деңгейін, медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау, сондай-ақ өтінім берілген медициналық қызметтерге медициналық техниканың анағұрлым жарамды техникалық сипаттамаларын айқындау мақсатында, әрбір атауы бойынша медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесі, тиімді техникалық сипаттамасы және құны бөлігінде сараптама бағалауын жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекіте отырып сараптамалық қорытынды шығарады.

Біріздендіруді талап ететін медициналық техниканы сараптама бағалауының нәтижелері бойынша бірыңғай біріздендірілген бір техникалық ерекшелікке сараптамалық қорытынды әрбір тапсырыс беруші бойынша шығарылады.»;

88-6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«88-6. Денсаулық сақтау ұйымдары қаржылық лизинг шартында сатып алынатын, бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген медициналық техниканың техникалық сипаттамасының (техникалық ерекшеліктердің) оңтайлы параметрлерін айқындау үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық ерекшелікті және өзге де құжаттарды оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізу үшін лизинг беруші айқындаған тәртіппен және құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынады.

Лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алу жоспарланған медициналық техниканың тізбесін әзірлейді, оны алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға саны және жеткізу орны бөлігінде келісуге жібереді.»;

88-10-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«88-10. Денсаулық сақтау ұйымдары қаржылық лизинг шартында бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген медициналық техниканы сатып алу үшін клиникалық-техникалық негіздемені, техникалық ерекшелікті, әлеуетті өнім берушінің атауын және басқа да құжаттарды оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізу үшін лизинг берушіге ұсынады.

Лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларды, клиникалық-техникалық негіздемесін және құнын сараптамалық бағалауды, сондай-ақ қаржылық лизинг шарттары мен талаптарына сәйкестігіне ұйымдастырушылық сараптама және сараптама жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде сатып алу жоспарланған, отандық өндіруші өндірген медициналық техниканың тізбесін қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға саны, мерзімі және жеткізу орны бөлігінде келісуге жібереді, ол оны алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде медициналық техниканың тізбесін келісуді жүзеге асырады.»;

129-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«129-1. Тендер жеңімпазының қағаз және doc* форматында электрондық түрдегі техникалық ерекшеліктерінің көшірмелерін қоса бере отырып, медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариат куәландырған көшірмелерін, сонымен қатар өнім беруші ұсынған шарттың немесе сатып алуға ұсынылған медициналық техниканы өткізуге өнім берушінің құқығын растайтын оның өндіруші не ресми дистрибьютор не өндірушінің ресми дистрибьюторы мәртебесін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін тендердің қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің тендер жеңімпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрі – сатып алу шарты) немесе қаржылық лизинг шартын жасасу үшін қабылдау-беру актісі бойынша тапсырыс берушілерге беруге тиіс.»;

133-75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«133-75. Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкін болатын және 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары жоқ бірыңғай дистрибьютордың қолданыстағы тізіміндегі дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен номенклатураны алғаннан кейін ұзақ мерзімді шарт жасау үшін осы Ереженің 10-тарауына сәйкес екі кезеңді рәсімді пайдалана отырып тендер өткізеді.

2015 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шарттары тараптардың келісімі бойынша дәлелденген клиникалық тиімділігі жоқ дәрілік препараттарды алып тастап, номенклатураны өзгерту арқылы конкурстық рәсімдер өткізілмей 10 жыл мерзімге ұзартылуы мүмкін.»;

133-80-тармақтың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген;»;

«6) жеткізу кестесі ұсынылған кезде әрбір қаржы жылы ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде, оның ішінде     2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша тиісті қаржы жылына көлемін, бағасын, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарттарын көрсете отырып, қосымша келісім жасасу арқылы сатып алуды жүзеге асырады.»;

133-82-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Отандық тауар өндірушілер сараптамалық бағалауды жүргізу үшін лизинг берушіден тиісті сұрауды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде лизинг берушіге өздері өндіретін медициналық техниканың тізбесін, техникалық ерекшелігін және жиынтығын, өндіруге жеткілікті, бірақ 150 күннен аспайтын жеткізу мерзімін, медициналық техниканың әрбір атауы бойынша бір бірлікке ұсынылған және жинақтама бөлінісіндегі құнын ұсынады.

Лизинг беруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган                      133-82-тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынған кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушілер жасаған медициналық техниканы, техникалық сипаттамасын, әрбір атауы және жиынтық бөлінісіндегі медициналық техниканың құнын, жеткізу мерзімін, сатып алынатын медициналық техниканы отандық тауар өндірушілер жасаған техникамен ауыстыру мүмкіндігін айқындау бөлігінде ұсынылған медициналық техника атауларына сараптама бағалауын жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптама қорытындысының ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікті бекітіп, сараптамалық қорытындысын шығарады.»;

133-115-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ұсынылған өтінім осы Ереженің 133-103-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;»;

133-138-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерден ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алған ақпаратты клиникалық-техникалық негіздеме бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізу және сараптамалық қорытынды шығару үшін лизинг берушіге жібереді.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ақпарат берген кезден бастап, сондай-ақ медициналық техниканы жергілікті бюджет есебінен сатып алатын тапсырыс берушілерден алған ақпараттарды ұсынған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы қабылдауға және тиісінше пайдалануға дайындық деңгейін, медициналық техниканың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау мақсатында клиникалық-техникалық негіздемесі бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады.»;

133-141-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«133-141. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған шекті құнының және (немесе) техникалық сипаттамаларының жақсару жағына қарай өзгерісі негізінде лизинг беруші шекті құнының және (немесе) қарай техникалық сипаттаманың жақсару жағына қарай өзгерісін растайтын сараптамалық бағалау жүргізгеннен кейін бірыңғай дистрибьютор қосымша келісім жасау жолымен ұзақ мерзімді шартқа жылына бір реттен асырмай өзгеріс енгізеді.»;

140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«140. Өнім беруші осы шарт бойынша өз міндеттемелерін шартта көрсетілген мерзімде толық және тиісінше орындағаннан кейін оның жазбаша өтініші бойынша сатып алу туралы шарттың (жеткізу шарты) немесе қаржылық лизинг шартының орындалуына енгізілген қамтамасыз ету өнім берушіге қайтарылады.»;

көрсетілген Ережеге 7-қосымшада:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Алдағы төлемде қажетті құжаттар:

  1. шарттың көшірмесі немесе өнім беруші ұсынатын және оның өндіруші, ресми дистрибьютор не ресми өндіруші өкілдің мәртебесін растайтын басқа да құжаттар;

2) _______________________________

(шот-фактура немесе қабылдау-тапсыру акті немесе т.б.)»;

көрсетілген Ережеге 12-қосымшада:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Банк кепілдігі (жеткізу шартын/сатып алу шартын/қаржылық лизинг шартын орындауды қамтамасыз ету нысаны)»;

«Өнім беруші» _____________(өнім берушінің атауы) тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Өнім беруші» _____________(өнім берушінің атауы) тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасындағы______ж. №_________жеткізуге (орындауға, көрсетуге) медициналық техниканы сатып алу шартын/қаржылық лизинг шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын)*».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов


Жаңалықтар тізбегі
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.