27 Сәуір 2015, 11:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 және«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 328 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «27» сәуірдегі № 337 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 362-құжат);
2) «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі № 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 387-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу