Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы №11 Қаулысы

Опубликовано: Бейсенбі, 06 Ақпан 2020

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне ЛА  (тарифтік мөлшерлеме) ЛА белгіленген мөлшеріне түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;  

2021 жылғы 1қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде;»;

4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«5) жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;»;

көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

реттік нөмірі 1-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «

2)

Оқыту кабинеттерін (зертханаларды, шеберханаларды, оқу-консультациялық пункттерді) меңгергені үшін

 

 

«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

 

мектептерде, мектеп-интернаттарда, балалар үйлерінде

 

БЛА-дан 20 %

 

 

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында

 

БЛА-дан 25 %

 

 

аралас шеберханалар болған кезде

 

БЛА-дан 30 %

 

»;

реттік нөмірі 2-жолдың 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«

2)

Сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі) үшін

 

 

«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

 

1-4 сыныптар

 

БЛА-дан 50 %

 

 

5-11 (12) сыныптар

 

БЛА-дан 60 %

 

 

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

 

БЛА-дан 50 %

 

3)

Дәптерлерді және жазбаша жұмыстарды тексергені үшін

 

 

«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы                        27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

Қосымша ақы дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген жағдайда белгіленеді

 

1-4 сынып мұғалімдеріне 

 

БЛА-дан 40 %

 

 

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде (сыныптарда) қазақ тілі мен басқа да ұлттық тілдерді және оқу ұлттық тілдерде жүретін мектептерде (сыныптарда) орыс тілін 1-4 сыныпта жүргізетін осы пәндердің мұғалімдеріне 

 

БЛА-дан 50 %

 

 

Жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 (12) сынып мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

оқытушыларына:

қазақ, орыс тілдері, басқа ұлттық тілдер мен әдебиет бойынша;

математика, химия, физика, биология, шет тілі, стенография, сызу, құрастыру, техникалық механика бойынша

 

 

 

 

БЛА-дан 50 %

 

 

БЛА-дан 40 %

 

 

4)

Мынадай:

білім беру ұйымдарында оқитын ерекше білім беру қажеттіліктері бар; психоневрологиялық паталогиясы бар (білім беру ұйымдарында оқуға тиіс емес) балалармен жұмыс істегені үшін

 

 

БЛА-дан 40 %

 

 

 

 

 

БЛА-дан 50 %

 

«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды

»;

реттік нөмірі 2-жолдың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «

10)

Физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын

техникалық және кәсіптік, орта

білімнен  кейінгі білімнің  оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне және оқытушыларына

 

БЛА-дан 200%-ға дейін

 

 

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды

 

»;

реттік нөмірі 3-жолдың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«

1)

Мамандандырылған мектептер мен дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, мектеп-интернат-колледждерде бейіндік бағыттағы пәндер бойынша педагогтерге

 

БЛА-дан 40 %

 

 

2)

Жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын оқу орындарының (сыныптардың, топтардың) бейіндік бағыттағы пәндер бойынша жұмыс істейтін педагогтеріне;

жаңашылдық, эксперименттік режимде жұмыс істейтін (лицейлердің, гимназиялардың, техникалық лицейлердің, мектепке дейінгі және жалпы білім беру бағытындағы оқу тәрбие кешендерінің), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу шет тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерге

 

 

БЛА-дан 20 %

 

 

»;

реттік нөмірлері 4 және 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

4.

 

Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге төленетін қосымша ақы

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде

 

 

Педагогтерге туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінде, диспансерлерінде, санаторийлерінде, санаторий-профилакторийлерінде, орталық аудандық ауруханалар бөлімшелерінде және басқа да денсаулық сақтау ұйымдары мен санаторий үлгісіндегі мектеп интернаттарда, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істегені үшін

 

БЛА-дан       60 %

 

 

7.

Бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық шеберлік біліктілігі бар мұғалімдеріне, педагог-психологтарына: 

педагог-шебер

педагог-зерттеуші

педагог-сарапшы

педагог-модератор

Біліктілік санаты үшін қосымша ақы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛА-дан 50 %

ЛА-дан 40 %

ЛА-дан 35 %

ЛА-дан 30 %

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9, 10 және 11-жолдармен толықтырылсын:

«

8.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін және реттік нөмірі            7-жолда көрсетілген педагогтерді қоспағанда, біліктілік санаты бар білім беру ұйымдарының педагогтеріне:

педагог-шебер

педагог-зерттеуші

педагог-сарапшы

педагог-модератор  

Біліктілік санаты үшін қосымша ақы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛА-дан 50 %

ЛА-дан 40 %

ЛА-дан 35 %

ЛА-дан 30 %

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді.

9.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының басқару біліктілік санаты бар басшылары мен олардың орынбасарларына:

- 1-санат

- 2-санат

- 3-санат

Біліктілік санаты үшін қосымша ақы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЛА-дан 100%

ЛА-дан 50% 

ЛА-дан 30%

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді.

 

 

10.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне

 

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы

Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын  10 АЕК

Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.

11.

Мәдениет және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, әскери оқу орындарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне

Тәлімгерлік үшін қосымша ақы

БЛА-дан 100%

 

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Көрсетілген қосымша ақы нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді

»;

4-қосымшаға ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпелер:

1. Мектептер мен мектеп-интернаттардағы (ерекше білім беруді  қажет ететін балаларға арналған арнаулы түзету ұйымдарынан басқа) оқушы (тәрбиеленуші) саны 15-тен кем сыныптарда сынып жетекшілігі, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін лауазымдық айлықақыларына (мөлшерлемелеріне) қосымша ақы төлеу көрсетілген қосымша ақылардың белгіленген мөлшерінен 50 пайыз мөлшерінде жүргізіледі. Бұл тәртіп сыныптарды кіші топтарға бөлгенде де қолданылады.

2. Оқушылардың күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникулдары кезеңінде педагогтерге  еңбекақы төлеу каникул басталар алдындағы тарифтеу кезінде (қосымша ақы есебімен) белгіленген жалақы есебімен жүргізіледі.

  3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің мамандандырылған бөлімшелерінің бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагогтеріне, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық техникалық мектептерінің, спорт колледждерінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жоғары спорттық шеберлік мектептерінің басшы қызметкерлеріне және бейіндік мақсаттағы пәндер бойынша педагогтеріне, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, мәдениет мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының педагогтеріне, ішкі істер органдары, арнаулы мемлекеттік органдар жүйесінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атақтары жоқ педагогтеріне қолданылады.»;

19-қосымшаға ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:

  «Ескертпелер:

Ұзақтығы кемінде бір сағат болатын біржолғы консультацияға бір сағат ретінде ақы төленеді.

  Сағат бойынша еңбекақы төлеуде ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесі үшін берілетін қосымша ақы ескеріледі.

  Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) жоғары білімі бар қызметкерлері негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс ЖОО ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі оқу жылына 225 сағаттан аспайтын, сағат бойынша еңбекақы төлеу шарттарында педагогтік қызметпен айналыса алады.

  «Халық» деген құрметті атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі профессорлар, ғылым докторлары үшін көзделген мөлшерде,  ал «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандидаттары үшін көзделген мөлшерде белгіленеді.

  Конкурстар мен байқаулардың қазылар алқасының мүшелеріне, сондай-ақ конкурстық жұмыс рецензенттеріне еңбекақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетін адамдарға көзделген сағат бойынша еңбекақы төлеу мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі.

  * Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық айлықақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерінің тиісті мөлшерін ескере отырып анықталады.

  ** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі лауазымдық айлықақыдан пайызбен белгіленеді.

  *** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:

  жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына/педагогтеріне еңбекақы төлеу үшін;

  тілдерді үйрету жөніндегі курстар оқытушыларына/педагогтеріне еңбекақы төлеу үшін;

  университеттердің, педагогикалық, инженерлік-педагогикалық институттардың (факультеттердің) студенттері педагогикалық практика өтетін  оқу-тәрбие мекемелері қызметкерлеріне еңбекақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.

  **** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемесі:

  басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне, сондай-ақ өндірістерден тартылатын мамандарына еңбекақы төлеу үшін;

  студенттерге өздері оқытқан пәндер бойынша мемлекеттік емтихан қабылдаған немесе дипломдық жоба жетекшісі бола отырып, дипломдық жобаны қорғауды қабылдаған жағдайларда, Мемлекеттік емтихан комиссиясына қатысқаны үшін ректорлар мен проректорларға еңбекақы төлеу үшін;

  сағат бойынша жұмыс істейтін оқытушылар өнер және мәдениет ЖОО-да арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргізген кезде;

  мейіргерлерді дайындау үшін азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлеріне, қоғамдық кәсіптер факультеттеріне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбекақы төлеу үшін;

  оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезінде;

  шет тілдерін қарқынды үйрету жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргізу кезінде;

  басқа ЖОО-дан тартылатын оқытушыларға студенттердің далалық және педагогтік практикасына жетекшілік жасағаны үшін қолданылуы мүмкін.

  ***** Сағат бойынша ақы төлеу мөлшерлемелері, сондай-ақ:

  мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшін тартатын ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін;

  диссертациялық зерттеулердің консультанттары ретінде тартылатын басқа ұйымдардың жетекші ғалымдары мен мамандарына еңбекақы төлеу үшін  (бір докторантқа жылына 50 сағат);

  басшы қызметкерлердің және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін ақы төлеу үшін;

  халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін еңбекақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.

2. Осы қаулының 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бесінші абзацын, жиырмасыншы абзацының 8 және 9-жолдарын қоспағанда,  осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

 


Жаңалықтар тізбегі
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.