06 Мамыр 2021, 15:11
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жолдағы 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7) |
Республикалық ұйымдарда: басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне: театрларда, концерттік ұйымдарда: шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды іске асыруға байланысты жұмыстар үшін; музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында): тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін; кітапханаларда, кітап палатасында: кітап қорының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша халыққа қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы; мемлекеттік архивтерде: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін |
ЛА-дан 50 % |
8) |
Жергілікті атқарушы органның ұйымдарында: басқарушы және негізгі персонал қызметкерлеріне: театрларда, концерттік ұйымдарда, цирктерде: шығармашылық туындылар мен шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға байланысты жұмыстар үшін; музейлерде (көркемсурет галереяларында (салондарда), студияларда, шеберханаларда және т.б.), музей-қорықтарда, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда (мәдени-тарихи орталықтар, мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарында (зерттеу институттарында), реставрациялау орталықтарында және т. б.): тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін; кітапханаларда: кітап қорының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін, оның ішінде электрондық кітапхана арқылы; мәдени-демалыс ұйымдарында (клубтарда, мәдениет және демалыс парктерінде, мәдениет үйлері мен сарайларда, халық шығармашылығы орталықтарында (үйлерінде) және т.б.): халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, оларды осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеу және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар үшін; кинематографиялық ұйымдарда: фильмді прокаттау және көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуге байланысты халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үшін; мемлекеттік архивтерде: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды, жинақтауды және танымал етуді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар үшін |
ЛА-дан 35 % |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу