Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №560 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1577 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1577 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 87, 1083-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2014 – 2018 жылдарға арналғанcтратегиялық жоспарында:

«7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:

«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:

001 «Ғарыш қызметі саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру және бақылау жөніндегі қызметтер» дегенбюджеттік бағдарламада:

«2014 жыл» деген бағанда «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «324 148» деген сандар «324 558» деген сандармен ауыстырылсын;

006 «Үкіметаралық келісім аясында агент банктерге бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша қызметтерді төлеу» дегенбюджеттік бағдарламада:

«2014 жыл» деген бағанда «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «12 624» деген сандар «11 900» деген сандармен ауыстырылсын;

009 «Ғарыш аппараттарын басқаруды қамтамасыз ету» дегенбюджеттік бағдарламада:

«2014 жыл» деген бағанда «бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «4 045 790» деген сандар «4 234 804» деген сандармен ауыстырылсын;

«7.2. Бюджеттік шығыстар жиынтығы» деген кіші бөлімде:

«2014 жыл» деген бағанда:

«Бюджеттік шығыстардың барлығы:» деген жолдағы «22 843 394» деген сандар «23 032 094» деген сандармен ауыстырылсын;

«ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «5 711 915» деген сандар «5 900 615» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу