Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «28» желтоқсандағы № 886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.
  2. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
  3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу