Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» қаңтардағы № 40 қаулысы

«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
    «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалсын.
  2. 2.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің
    кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. 3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу