29 Мамыр 2014, 16:17
«Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
39-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«39. Конституциялық Кеңестің мүшелері,Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары мен судьялары».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу